“Көш керуені” ұлттық рухты дәріптеген мерекелік шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кербұлақ ауданында ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеуге бағытталған “Көш керуені” атты ауқымды іс-шара өтті. Шараны салтанатты түрде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ашып, батасын берді. Ақсақалдардың батасы мен игі тілектерінен кейін, керуен өз жолын бастады.

Шеру Сарыөзек ауылының оңтүстік-батыс аймағынан басталып, орталық алаңға дейін жалғасты. Керуенге ауданымыздың спортшылары, өнерпаздары және өзге де белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылар қазақы ұлттық киім киіп, халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрлерін паш етті. Жол бойында тұрғындар керуенді жылы қарсы алып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Орталық алаңда мереке одан әрі жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрермендерге ұсынып, қазақтың ұлттық әндері мен билерін орындады. Сонымен қатар, көрермендер назарына түрлі мәдени бағдарламалар, ұлттық ойындар мен қойылымдар ұсынылды. Шара барысында аудан тұрғындары ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын таныстырып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеді.

“Көш керуені” іс-шарасы аудан тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлап, ел арасында бірлік пен ынтымақты нығайтты. Мұндай шаралар жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздың бай мәдени мұрасын сақтауға және оны одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/962230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version