Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Шаңырақ күні» мерекесіне орай №77 мекеме (тергеу изоляторы) режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Қуаныш Тәңірбергеновке ерекше құрмет көрсетілді.
ҚАЖ саласында үш жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан Қуаныш жақында отбасын құрып, жаңа өмірге қадам басты. Мекеме басшылығы мен әріптестері жас отбасыға құттықтау білдіріп, берекелі, бақытты өмір тіледі. Ұжым атынан естелік сыйлық табысталып, ҚАЖ жүйесіндегі қызметкерлердің отбасы институтын нығайтуға бағытталған қолдау көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962514?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау