Maqsut Narikbayev University мен Алкала университеті Меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мадрид, 2025 ж. 8 наурыз – Алкала Университетінде (Universidad de Alcalá de Henares, UAH) Maqsut Narikbayev University (MNU) Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов пен Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын Алкала Университетінің вице-ректоры Хулио Каньеро Серрано кездесті.

Кездесу барысында Ғ. Құдайбергенов Алкала Университеті басшылығына жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, MNU қызметі туралы ақпаратпен бөлісті. Ол университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы елеулі жетістіктерін атап өтті. Әсіресе, «Қос диплом» және «Академиялық мобильділік» бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Бұл бағдарламалар MNU студенттеріне жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға, халықаралық тәжірибе жинауға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде UAH вице-ректоры Хулио Каньеро Серрано қазақстандық делегация өкілдерін 1499 ж. негізі қаланған және Испанияның ең көне әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын Алкала Университетінің тарихы және қазіргі жетістіктерімен таныстырды. Ол UAH университетінің студенттер, оқытушылар және зерттеушілер алмасуын, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға ықпал ететін халықаралық серіктестіктерді белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында MNU мен UAH арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/963418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version