Мектеп кітапханаларын дамыту бойынша республикалық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мектеп кітапханаларын дамыту бойынша республикалық семинар
2025 жылдың 14 наурызында Алматы қаласында “Білім беру ұйымдары кітапханаларының қазіргі заманғы дамуы: “Балалар кітапханасы” бағдарламасы” тақырыбында республикалық семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және «Кокжиек Горизонт» кітап баспасы
Қатысушылар: Астана, Алматы, Шымкент қалаларының басшылары мен мамандары, облыстық білім басқармаларының өкілдері, облыстық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ мектеп кітапханашылары.
Талқыланған тақырыптар:
Білім беру мазмұнындағы ұлттық құндылықтар
Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысуы
Білім берудегі жасанды интеллект
Bookfund.kz” платформасы арқылы кітапханаларды автоматтандыру
️ Іс-шараға демеушілік көрсетіп, қатысушыларға естелік кәдесыйлар тарту еткен “Көкжиек-Горизонт” баспасынан әдеби жаңалықтардың тұсаукесері.
Қорытынды: Семинар оқу сауаттылығын бағалау бойынша практикалық тренингпен, қызықты викторинамен және қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.
Аталған семинарға бөлім әдіскері Кажиакберова Маржан Араратовна қатысып, іс-тәжірибе алмасып, сертификатпен марапатталды.
Бұл семинар тәжірибе алмасу және Қазақстанның мектеп кітапханаларының дамуындағы жаңа үрдістерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/963662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version