Мереке күндері, 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында, Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі су айдындарында профилактикалық рейдтер өткізді. Іс-шара барысында балықшылармен мұздағы қауіпсіздік ережелері және мұз қату мен еру кезеңіндегі қауіп-қатерлер туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Ынтымақ су қоймасында заң бұзушылықтар анықталды – бірнеше балықшы мұздың тұрақсыз күйіне қарамастан, оның үстінде болған. Рейд нәтижесінде 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Профилактикалық жұмыс қайғылы жағдайлардың алдын алуға және халықты осы кезеңде мұзға шығудың қауіптілігі туралы хабардар етуге бағытталған. ТЖД қызметкерлері азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және мұз еру кезінде оған шықпауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/963201?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау