22 наурызда Новодолинский кентінде мерекелік іс-шара өтті. Көктемнің жарқын мерекесі Наурыз кент тұрғындары мен қонақтарын Мәдениет үйіне жинап, әзірленді.
Кент әкімі Е. С. Исатаев тұрғындарды құттықтап, Наурыз мейрамы –бейбітшілік, ізгілік, қайырымдылық пен аға ұрпақты қастерлеу мерекесі екенін атап өтіп, осындай шуақты мереке күндері Новодолинскийдің әрбір шаңырағына бейбітшілік, жақсылық, өркендеу және амандық тіледі!
Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымы кент тұрғындарын тамаша музыкалық нөмірлерімен құттықтады.
Концерт соңында шараға қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже, бауырсақтар және тәттілермен құрметтелді.
«Асық ату, гір спорты және арқан тарту» ұлттық ойынынан спорттық жарыстар өтті. Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік викторина жеңімпаздары тәтті сыйлықтармен қуанды.
Әкім аппараты іс-шараның барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысын білдіреді.
Кентіміздің барлық тұрғындарына көктемгі көңіл-күй, амандық пен зор денсаулық және керемет демалыс күндерін тілейміз.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/963212?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау