Наурыз мерекесі Ақбасты ауылында тойланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басы – Наурыз мерекесі Ақбасты ауылында да ерекше тойланды. Ұлттық киіммен ауыл тұрғындары, ауыл ортасындағы ауылдық клуб үйіне жиналып, ерекше көңілмен Наурыз тойын тойлады. “Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні » тақырыбында мерекелік шара барысында ауылдық округ мекемелерінің ұйымдастыруымен мал сойылып, ауыл үлкендеріне кәделі табақ тартылды. Ауыл ақсақалы С.Ысмағұлов бата жасап, ауыл азаматтары Қ.Құлжанов, Ж.Қалыбаев, Ж.Өтенов тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады. Тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлерінен арқан тарту, гир көтеру ,қол күрес, шоқпарласу дан жарыстар өткізілді. Мерекелік шараға келушілер Наурыз көжеден дәм татып, алтыбақан теуіп, қызықты ойын сауық бағдарламаларын тамашалады.

Тұрғындарға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ұлттық ерекшеліктерімізді,ұлттық киімдерін,ұлттық тағамдарын, ұлттық ойындарын насихаттай отырып,әр азаматтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін, құрметін қалыптастыру мақсатында «Жаса ,Наурыз дәстүрлі» кітап көрмесі қойылды.

Жергілікті өнерпаздар әсем әннен шашу шашып,ұлттық дәстүрден көрініс көрсетіп,мерекелік думанның сәнін келтірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qylandy/press/news/details/962314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version