Жамбыл ауданы Аса ауылында бүгін «Армысың, әз-Наурыз!» атты наурыз думан өтті. Орталық стадионда ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, жиналған көпшілік қызықты сайыстарды тамашалады. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама мен қолөнершілер көрмесі тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тапқан қойылымдар көрсетіліп, Наурыздың мән-маңызы айшықталды. Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жалпы аудан тұрғындары тамашалап, Орталық стадионға жиналған жамбылдықтар бір-біріне ақжарма тілектерін арнап жатты. Мерекелік кештің сәнін «Жігер» тобы мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қыздыра түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/963363?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау