Наурыз — жаңару мен бірліктің, береке мен молшылықтың мейрамы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемнің көркем Наурызымен Алмалы ауданының тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз!
Тастақ шағынауданындағы Дүйсенов көшесіндегі аллеяда тамаша мерекелік іс-шара өткіздік.
Келушілерге наурыз көже мен дәстүрлі тәттілер ұсынылды, балалар мен ересектерге арналған қызықты байқаулар мен ойындар ұйымдастырылды.
Алмалылықтарға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған — эстрада жұлдыздарының өнері болды. Концертке Сәкен Майғазиев, Ұланғасыр Қами, Малика Қадыржанова, Kodi және Дария Қонысбекова қатысты.
Киіз үйлер тігіліп, күй мен терме шырқалды — жүректерді ұлттық мұрамызға деген мақтаныш сезімі кернеді.
Қарттарымызды қадірлеп, балаларды қуантып, бір-бірімізге ізгі тілектер мен шынайы күлкі сыйладық — өйткені Наурыздың шынайы мәні де осында.
Көктем мейрамы әр шаңыраққа бейбіт өмір, амандық пен жылылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
#АлмалыАуданы #Наурыз2025

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/963414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version