НҰРА АУДАНЫНДАҒЫ НАУРЫЗ: КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық «Нұра» стадионында Наурыз мейрамына арналған салтанатты мерекелік концертпен көктемнің жаңару мерекесі атап өтілді.

Аудандық мәдениет үйінің әртістері ұйымдастырған театрландырылған бағдарламамен қоса алаңда маңызы жоғары мерейлі даталармен аталған 9 киіз үй тігілді. Әр киіз үйдің атауына байланысты іші безендіріліп, анықтамалық стендтер ілінді. Сондай-ақ, келіп кірген қонақтарға арналған ақ дастархан жайылды.

Ауданның барлық ұжымдары белсене қатысқан іс-шарада қайырымдылық дастарханы да жайылып, аудан тұрғындарына бауырсақ, айран, көже сияқты ұлттық тағамдар таратылды. Аудан мектептерінің өнерлі оқушыларының қолөнер туындыларынан құралған көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Наруыз мерекесіне орай ұлттық спорт жарыстары: жабағы, тай жарыстары, аламан бәйге мен көкпар, сондай-ақ, қазақша күрес пен бес асықтан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар жүлделі орындары үшін марапатталды.

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, жұмысшы мамандықтар жылына байланысты ауданның еңбекқор жұмыскерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Ауданымызда Наурыз мейрамы «Наурызнама» онкүндігі аясында 14-23 наурыз аралығында кең көлемде аталып, әр күні мерекелік іс-шаралар өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/962091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version