“Парасаттылық сағаты: Павлодар ауданының Черноярка ЖОБ мектебінің оқушыларымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Павлодар облысы Әділет департаментімен бірлесе отырып, Павлодар ауданы Черноярка жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларымен “Парасаттылық сағаты” форматында “Елдің заңын біл және сақта” тақырыбында сабақ-кездесу өткізді.

Іс-шараға 50 оқушы қатысты. Кездесу барысында оқушылар заңдармен құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ олардыңәрқайсысы сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға қалай үлес қоса алатыны туралы, сондай-ақ құқықтық мінез-құлықтың негізгі қағидаттары және парасатты азамат болу қаншалықты маңызды екендігі туралы білді. Оқушылар белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, бұл кездесуді қызықты әрі танымды етті.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға және олардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

#Тәртіпті_өзімізден_бастайық

#Жастар_біздің_болашақ

#Парасаттылық сағаты

#Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік

 


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе 
@antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/963087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version