Наурыз мерекесіне орай Полиция департаментінің саптық алаңында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Яғни полицейлер гир тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту ойындарынан бақ сынады. Кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген күш-жігерлерін ортаға салды.
Нәтижесінде гир тасын көтеру бойынша І орынды полиция майоры Г.Шайханов пен полиция кіші сержанты А.Шамшидин, ІІ орынды полиция капитаны Б.Бердіқұлов пен полиция подполковнигі Н.Кубеев, ІІІ орынды полиция аға лейтенанты Е.Қуандық пен полиция старшинасы Н.Молдабеков иеленді.
Ал қол күресінен І орынды полиция майоры Б. Нұрходжаев пен полиция капитаны Н.Утешов, ІІ орынды полиция аға лейтенанты Т.Молдаш пен полиция сержанты М.Сағындық, ІІІ орынды полиция аға лейтенанты Ұ. Мұхамбек пен полиция капитаны Қ.Бегалы қанжығасына байлады.
Тартысты өткен арқан тарту сайысы бойынша І орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен Әкімшілік полиция басқармасының командасы иеленді. ІІ орын Оқу жаттығу взводы мен Патрульдік полиция батальонына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Криминалдық полиция командасы алды.
Өз кезегінде жеңімпаздар ПД бастығының «Алғыс хаты», кубок, әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/962396?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау