22 – Наурыз күні ауылымызда “Қош келдің әз-Наурыз” атты ұлттық мерекелік іс шара өтті.
Қайнарлы ауылдық округінің әкімі Идрисов Дәулет Садырұлы ауылымыздың тұрғындарын және қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз ақ тілегін арнады.
Қайнарлы ауылдық округі мешітінің имамы Хисаұлы Балтабай атамыз ауыл халқына жақсылық тілеп, ақ батасын беріп, асыл әжелеріміз арнайы шашуларын шашып, ауылымыздың көркемөнерпаздары өнерлерін көрсетіп, халықтың көңілін көтеріп, ыстық ықыласқа ие болды. .
Шара соңы асық ату, арқан тартыс, қол күрес, қазақ күресі сынды ұлттық спорттық ойындармен халыққа наурыз көже ұсынылып жалғасын тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kainarly/press/news/details/963071?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау