2025 жылғы 19-21 наурыз аралығында Қара Ертіс өзенінің атырауында «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының сақталуын бақылау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өтті. Оларға «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, Тарбағатай ауданының табиғатты қорғау полициясы және жедел ден қою бөлімінің инспекторлары қатысты.
Рейд барысында синтетикалық жеке мата жіптерден жасалған 205 заңсыз орнатылған балық аулау аулары алынды. Аулардан табылған тірі балықтар қайтадан су айдынына жіберілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Алынған аулар Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының полигонында өртеу жолымен жойылды. Табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/962991?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау