ҚР Үкіметі аппаратының инспекторы Қоянды ауылындағы су тасқыны жағдайымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Мақсұт Әбдиев аудан әкімі Дарын Сабырғалимен бірлесіп Қоянды ауылына барды. Сапар барысында олар су бұру каналына және басқа да учаскелерге барып, аудан әкімі атқарылған жұмыстар туралы таныстырды. Бүгінгі таңда Қоянды ауылында қауіп аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. 75 су өткізу құрылыстары мен 36 000 метр арықтар тазартылды, 113 мың текше метрден астам қар шығарылды, сондай-ақ 166 мың текше метрден астам еріген су сорылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың, Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  және Жамбыл облыстарынан ТЖД күштері, сондай-ақ Ақмола өңірінің аумақтық қорғаныс бөлімшелері жұмылдырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/962660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version