Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер – спортта да мықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мейрамы аясында Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында “Қазақ күресі” бойынша турнир өтті.
Бұл жарыста қатысушылар тек қызметте ғана емес, спорттық алаңда да өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
№16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы 82 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.
Сонымен қатар, өз салмақ дәрежелерінде Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Аят Ермекбай, №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Еркін Мұхаммеджанов пен Ақниет Оралов, сондай-ақ №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Равил Хусман жоғары нәтиже көрсетіп, лайықты 3-орындарды жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте ТЖД құрама командасы 1-орынды иеленіп, өздерінің күш-қайратын тағы бір мәрте дәлелдеді!
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және болашақ жарыстарда биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/962134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version