Қызылордадан қол көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 💦Ақмола облысы Жақсы ауданының Есіл ауылында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 

 👩‍🚒Жергілікті ТЖ күштерімен және ЖАО-мен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің осы өңірге іссапарға жіберілген қызметкерлері де жұмылдырылды. 

 

✅  21 құтқарушы инертті материалдарды қапшықтарға салуға белсенді қатысуда. 2 күнде Қызылордалық құтқарушылар 1940 қапқа құм толтырды. Сондай-ақ, аула аумақтарынан қарды тазарту және шығару жұмыстарын жүргізуде. 

 

🔺Бұл іс-шаралар тұрғын үйлерді су басудан сақтайды, жергілікті тұрғындар құтқарушылардың жұмысына дән риза. Құтқарушылардың оларды қиындықпен бетпе-бет қалдырмайтынына сенімді. 

Қызылорда облысы ТЖД

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/963384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version