Сарыөзек ауылында Наурыз мерекесі атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыөзек ауылының орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шара Наурызнама тұжырымдамасы аясында өткенін атап өткен жөн. Салтанатты жиынның басында сөз алған аудан әкімі  Есболатов Қанат Болатұлы Наурыз мерекесімен құттықтап, баршаға толағай табыс тіледі. 

Мәдениет үйінің  қызметкерлері және білім саласы қызметкерлері  өз өнерлерін ортаға салып, мереке көрігін қыздырды. Наурыздың салты бойынша ақсақал ақ батасын беріп, ақ жаулықты аналар көпшілікке шашу шашты. Биші қыздар мың бұралып би билеп, әншілер дәстүрлі туындылар мен патриоттық шығармаларды орындады.

Думанды мерекеге келген қонақтар арнайы әзірленген наурыз көжеден дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-saryozek/press/news/details/962821?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version