Су тасқыны қаупі бар учаскелер әуеден бақыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Алдоңғаров ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен Абай, Аягөз, Жарма аудандары аумағында аэровизуалды тексеру жүргізді. Аягөз, Қарасу, Шар өзендеріндегі гидрологиялық жағдайды бақылады.
Қадағалау барысында қардың еріп жатқаны, өзендердегі мұз бетіндегі шұқанақтардың пайда болуы байқалды. Алайда су деңгейінің көтерілуі, мұз кептелісі анықталмады.
Мониторингтік жұмыс жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/962300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version