Таразда Наурыз онкүндігіне орай тал егу дәстүрі ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

Наурыз – табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін және жаңа өмірдің басталуын білдіретін айтулы мереке. Бұл мерекеде тек дастарқан жайылып, думанды шаралар ұйымдастырылып қана қоймай, қоршаған ортаны көркейтуге, табиғатты аялауға ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде тал егу дәстүрі – Наурыз мерекесінің маңызды әрі игі дәстүрлерінің бірі. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде Тараз қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Наурызнама онкүндігі аясында көктемгі тал егу шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі бастама табиғатты аялау мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Шараға өрт сөндіруші-құтқарушылар белсенді қатысып, қызметтік аумақта жасыл желектерді көбейту мақсатында түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Наурыз мерекесінде өткізілген бұл бастама – қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырудың бір жолы. Өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің күнделікті қызметінде тек адамдардың өмірін құтқарып қана қоймай, табиғатты да қорғауға атсалысып келеді. Осы дәстүрлі шара арқылы олар өскелең ұрпаққа үлгі болып, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын көрсетіп отыр. Аталған шара облыстың өзге бөлімшелерінде де жалғасуда.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/963007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version