«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтоған ауылдық округінде орналасқан «Дендро саябағында» абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандық сенбілікке аудан әкімі Ербол Жиенқұлов пен ауданның барлық мекемелері мен ұйымдарынан 200-ге жуық адам белсене атсалысты. Демеушілер тарапынан шамамен 2000 тал-тарақ егіліп, олардың ішінде терек, туя, жасмин, қайың ағаштары мен алма, алмұрт секілді жеміс ағаштары да отырғызылды.
Сенбіліктің мақсаты – ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, тазалықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру болды. Саябақ аумағындағы шөптер кесіліп, талдардың түбі қопсытылып, суару жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов аудан аумағын таза ұстаудың баршамызға ортақ міндет екенін айтып, бұл шараның Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған акцияның маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастыруды жауапты басшыларға тапсырды.
Қатысушылар сенбіліктің маңызы мен мақсатын толық түсініп, бірлесіп жұмыс істеу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Барлық мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ аудан тұрғындары табиғаттың тазалығы үшін өз үлестерін қосып, туған жердің экологиялық жағдайын жақсартуға жауапкершілікпен қарады.
Бұл сенбілік ауданымыздың экологиялық мәдениетінің артуына және тұрғындардың табиғатқа деген құрметінің жоғарылауына ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/963499?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау