«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ студенттері қаланы тазарту жұмыстарына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ студенттері қаланы тазарту жұмыстарына қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 500-ге жуық студенті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысты.

Іс-шара 23 наурыз – Тазару күніне орай ұйымдастырылды.

Оқу ордасының білім алушы жастары қаланың көшелерін және саябақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысты. Сонымен қатар жасыл аймақтар мен гүлзарларды ретке келтірді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/962293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version