Ақтау қаласында санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары үздіксіз әрі қарқынды жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда жарық бағаналарын жуу және сырлау, жасыл желектерді әктеу, қала аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 400-ге жуық қызметкер мен бірнеше арнайы техникалар жұмылдырылды.
“Құрметті қала тұрғындары! Тазалық шараларына бей-жай қарамай, әр тұрғын да осыған атсалысуын сұраймыз” – Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/963740?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау