Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі жаңартылған құрамда жұмыс істеуге кірісті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың, аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанованың қатысуымен Тимирязев ауданының жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кездесу басталар алдында Қоғамдық кеңестің алдыңғы құрамының мүшелерін марапаттау рәсімі өтті, аудан әкімі Е.Қ. Жаров олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестерін атап өтіп, оларға алғыс хаттар табыс етті.

Бұдан әрі күн тәртібін қарай отырып, кеңестің ұйымдық құрылымына, оның ішінде төрағаны сайлауға байланысты мәселелер қаралды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Алиев Ничат Зияддинович сайланды. Жалпы, Қоғамдық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын 10 адам кіреді.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңды және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені басшылыққа ала отырып, кандидаттарды іріктеуді өткізген жұмыс тобының отырысы Қоғамдық кеңесті қалыптастырудың алдыңғы кезеңі болды. Оның барысында үміткерлердің құжаттары қарастырылып, әңгімелесу өткізілді және ашық дауыс беру ұйымдастырылды. Осы іс-шаралардың нәтижелері бойынша Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына: Алиев Ничат Зияддинович, Анапьянова Әлия Баяхметқызы, Даиров Берік Өтегенұлы, Құсайынова Айгүл Бағытқызы, Меркель Андрей Андреевич, Попова Ирина Николаевна, Рамазанов Рүстем Елікбайұлы, Сейтенов Нұрбол Қайырбайұлы, Сыздықова Айсұлу Қапарқызы, Усенков Николай Алексеевич кірді.

Негізгі құрамнан басқа, бір кандидатты қамтитын резервтік тізім анықталды, ол қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшесінің орнына мүше бола алады. Бұл кеңестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және оның құрамындағы өзгерістерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Отырыс Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесін құрудағы маңызды қадам болды, ол қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың пікірлерін есепке алу және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып, консультативтік — кеңесші функцияны орындайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/963295?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version