ТҰЛПАРЛАРДЫҢ ТҰЯҒЫ ДҮБІРЛЕГЕН КҮН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаладағы ипподромда «Ұлттық спорт күні» мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтары конкур, аударыспақ, теңге ілу, көкпар, қыз қуу және бәйге сайыстарын тамашалады.

Жаңа ипподромда дәстүрге сай ұлттық спорт ойындары қайта жаңғырды.. Ұлттық ат спорты ойындары конкур сайысынан басталып, аламан бәйгемен аяқталды. Желдей жүйткіген сәйгүліктің үстінде отырып теңгені ептілікпен іліп алу, кедергілерден секіру, ат үстінде отырып күш сынасу, бәрі де тұрғындарға керемет әсер сыйлады.

Сондай-ақ, «Ұлттық спорт күніне» орай бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңі өтті. «Наурыз» мерекесі аясында ұйымдастырылған додаға еліміздің өңірлерінен үздік шабандоздар қатысты.
Қала тұрғындары мен қонақтары бәйгенің төрт түрі – құнан бәйге (7 шақырым), топ бәйге (12 шақырым), ұшқыр бәйге (спринт) және Аламан бәйге (18 шақырым) сайыстарына куә болды. Осылайша Шымкентте өткізілген алғашқы кезеңнің үздіктері анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/962188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version