Тырысқақ немен қауіпті?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Life» МО» ЖШС медициналық пунктінің медицина қызметкерлерінінің арасында «Тырысқақ немен қауіпті?» тақырыбында семинар өткізілді.

Жұмыс барысында әлемдегі, Қазақстандағы аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, тырысқақ клиникасының ерекшеліктері, оның ерте көріністері айтылды.

Обаға қарсы костюм кию және обаға қарсы костюм алу алгоритмінің үлгілерін талдай отырып, тырысқаққа күдікті науқасты анықтаған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге баса назар аударылды.

Материалды бекіту үшін қатысушылар ауызша форматта тест тапсырды, аса қауіпті инфекциялар бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version