Юный шахматист из области Абай Азамат Алмазұлы блестяще выступил на Детском Кубке РК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас шахматшымыз Алмазұлы Азамат Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен Классикалық шахмат бойынша ҚР Балалар Кубогының бірінші кезеңінде керемет ойын көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Турнирге 12-14 жас аралығындағы 123 жас шахматшы қатысты.

12 жасқа дейінгі жас санатында Алмазұлы Азамат 1-орынға ие болды!

Жеңімпаздар (12 жасқа дейін):
1 – орын Алмазұлы Азамат (2013 ж.т., Абай облысы)
2 – орын Ержанұлы Ернұр (2013 ж.т., Қызылорда облысы)
3 – орын Әмреев Азат (2013 ж.т., Қызылорда облысы)

14 жасқа дейінгі жалпы есепте Азамат жүлделі 3-орын алды!

Жеңімпаздар (14 жасқа дейін):
1 – орын Мейіржанұлы Ақылжан (2011 ж.т., Қызылорда облысы)
2 – орын Мұсаұлы Нұрали (2011 ж.т., Астана)
3 – орын Алмазұлы Азамат (2013 ж.т., Абай облысы)

Ең әсерлісі – Азамат 2022 жылы “Дарын” балаларды дамыту орталығында “Артспорт” бағдарламасы бойынша шахмат ойнауды бастаған. Осы аз ғана уақыт ішінде ол үлкен жетістіктерге жетіп, талант, еңбексүйгіштік пен табандылық лайықты жеңістерге жетелейтінін дәлелдеді!

Азаматты керемет жетістігімен құттықтаймыз және шахмат әлемінде жаңа табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/963522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version