«Заң мен тәртіп»: еріктілер №8 мектептің жөндеуінде кемшіліктерді анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері білім беру органдарымен бірлесіп У. Атамбаев атындағы № 8 қалалық мектебіне 2024 жылдың соңында орындалған жөндеу сапасын бағалау үшін қоғамдық мониторинг жүргізді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылды.

Мониторинг барысында кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, раковинаның үстіндегі кафельдерді, тактильді плиталарды сапасыз орнату, қабырғаларды сапасыз әрлеу және сырлау, есіктің еден шектегіштерінің болмауы, бұл қабырғаның бүлінуіне әкелді, сондай-ақ, аумақты көгалдандырудың болмауы анықталды.

Сонымен қатар, кейбір бөлмелерде есіктер, дәретхана қақпақтары, кіреберіс есіктер, тақтайшалар сынған.

Заң мен тәртіпті сақтау өскелең ұрпақты оқыту үшін қауіпсіз және жайлы орта құрудың маңызды шарты болып табылады. Бұл білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапасы белгіленген стандарттар мен талаптарға сай болуы керек дегенді білдіреді.

Мониторинг нәтижелері бойынша жемқорлыққа қарсы еріктілер мектеп басшылығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жолдады. Өз кезегінде мердігер ескертулерді ескеріп, бір ай ішінде жоюға уәде берді.

Еріктілер білім беру мекемелерінде орындалатын жұмыстардың ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін осындай мониторингтерді тұрақты жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл мердігерлер мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-atyrau/press/news/details/963684?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version