Жамбыл облысында балық аулау ережелерін бұзудың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20-23 наурыз аралығында Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция қызметкерлері, «Сапсан» жедел тобы және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшыларымен бірлесіп Талас, Жамбыл және Жуалы аудандарында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік іс-шара барысында 8 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде ҚР ӘҚБТК 383-бабының 3 бөлігі бойынша Балық аулау ережелерін бөрескел бұзғаны үшін 3 хаттама толтырылды. Пайдалануға тыйым салынған аулау құралдары және заңсыз ауланған балық алынды.

Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сот және құқық қорғау органдарына жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/962998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version