Жанама ауылында Наурыз мерекесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесі – көктемнің жаңа тынысын ашып, Ұлыстың ұлы күні ретінде әрдайым ерекше атап өтіледі! 

Биылғы Наурыз Жанама ауылында ерекше тойланды. Округ әкімі салтанатты түрде сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары баталарын беріп, игі тілектерін білдірді. 

Ақ жаулықты аналарымыз шашау шашып, ауылдың өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, өнердің құдіреті мен халық дәстүрінің маңызды екенін көрсетті. 

Наурыз көже мен жайылған ақ дастарханнан дәм татып, бірліктің, достықтың, тыныштықтың символы болып табылатын Наурызды ауыл болып тойлады.

Артынан спорттық іс-шаралар өткізіліп, ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттады! 

Наурыз – бірлік пен ынтымақтың, бейбітшіліктің мерекесі! Бұл күн әрқайсымыз үшін аса маңызды, халқымыздың тарихындағы ерекше күндердің бірі.

Ақ оң болсын, Наурыз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/962076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version