Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2025 жылдың 27 наурызында Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясының көшпелі отырысы өтті. Мәслихат сессиясының отырысы Приречный ауылдық округінің мәдениет үйінде өтті.

        Сессия жұмысына 4 депутат тіркеліп, қатысты. Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
  2. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері.
  3. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  4. Абай облысы Жаңасемей ауданы Шаған кентінің шекарасын (шегін) бекіту туралы.
  5. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №10/58- VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданы аумағындағы жер қатынастары мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 12/70-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. «Абай облысы Жаңасемей аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы» Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамызындағы №10/53–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
  8. Абай облысы Жаңасемей аудандық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №14/97-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы.

        Жаңасемей ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешімі Эталондық бақылау банкінде жарияланғаннан кейін Жаңасемей ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің бюджеттеріне өзгерістер қаралуына байланысты, мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясының отырысында күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге, үзіліс жасау туралы ұсыныс түсті.

       Кезекті сессияға дайындық кезеңінде мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен, күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылады. Депутаттар қойған барлық сұрақтарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен түсініктемелерін алды.

       Ұсынылған материалдарды қарап, зерттеп,  депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/963613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version