2025 жылғы 20 наурызда Жетіжал ауылында экологиялық бастама аясында көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту және оның эстетикалық келбетін көркейту.
Акция барысында ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен қылқанжапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама қоршаған ортаны көгалдандыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ағаш отырғызу – табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Ол ауаның тазалығын сақтауға, климаттың өзгеруін баяулатуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Осыған орай, аталмыш шараға ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар бірлесіп атсалысып, туған жердің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/963843?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау