2025 жылғы 21 наурызда Жітіқара қаласының орталық алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке салтанатты театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламаны қамтыды. Жітіқара ауданының әкімі А.Жаныспаев тұрғындар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі.
Мереке аясында алаңда Наурызнама онкүндігі бойынша ұлттық киіз үйлер орнатылды. Әрбір киіз үй онкүндіктің белгілі бір күніне сәйкес безендірілді. Келушілер киіз үйлерде дәстүрлермен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, өнерпаздардың орындауындағы көркемөнер қойылымдарын тамашалады.
Сонымен қатар, орталық алаңда асық ату, арқан тарту, қол күресі, гір спорты, «Жастықпен күрес» және қошқар көтеру сияқты спорттық жарыстар өтті.
«Jitiqara arena» спорт-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен «Жітіқара жалыны» біріншілігі ұйымдастырылды. «Батыр-Арена» спорт залында 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында аудандық мини-футбол турнирі өтті.
Ипподромда «Аударыспақ» және «Жаппай көкпар» қызықты ат спорты жарыстары ұйымдастырылды, оған Жітіқара және Қамысты аудандарының командалары қатысты.
Сондай-ақ, 20-22 наурыз аралығында ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінде мерекелік іс-шаралар өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/963784?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау