2 наурызда қаламызға Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жұмыс сапарымен келді. Басқарма басшысы қуатты өндіріс ошағы “Астана нан” ЖШС өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауытының жұмысымен танысты.
“АСТАНА-НАН” ЖШС 1999 жылы құрылған. 20 жылдан астам уақыт бойы өсімдіктерді қорғаудың жоғары сапалы құралдарын (пестицидтер) өндіруге және сатуға маманданған. Компания пестицидтерді, тұқымдарды, өсімдіктердің өсуін реттегіштері ұсынады және жеке және шетелдік өнімдердің кең таңдауына ие, сонымен қатар біздің елде өсірілетін барлық дерлік дақылдар үшін өсімдіктерді қорғаудың кешенді тиімді шешімдерін ұсынады.
Жұмыс сапары барысында отандық өнім өндірушілерді кең қолдау тәсілдерін енгізу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/963982?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау