2025 жылдың 27 наурызында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 27 наурызында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы өтті.

       Аудандық мәслихаттың кезекті отыз бесінші сессиясына мәслихаттың 7 депутатынан  6  депутат қатысты. Кезекті сессияға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Зайнолдабекұлы Әзімбаев, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, ақпарат құралдарының өкілдері және ЗУМ арқылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ерлан Русланұлы Адилов қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама

Гульзира Қумарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және қаржы  бөлімінің басшысы

2.2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндама

Ерлан Русланұлы Адилов – Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

3.2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар және осы жұмыстарды ұйымдастыру туралы.

Дәурен Талғатұлы Рахымғазы – аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

4.2024-2025 жылдарғы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, сумен, көше шамдарымен қамтамасыз ету, елді мекен ішіндегі жолдарды жөндеу, транспорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жөніндегі есебі

Жамболат Жәмелханұлы Жәмелхан – аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

5.Күршім ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Роллан Нұрланұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

6.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Гульзира Құмарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және  қаржы бөлімінің басшысы

7.Аудандық бюджеттік комиссиясының жаңа құрамын бекіту туралы

Гульзира Қумарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және қаржы    бөлімінің басшысы.

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/NSfBE_59KuQ?si=N7gedXqMt9T2Y

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/963940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version