2025 жылғы 27 наурызда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті ХХХІX сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 наурызда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті ХХХІX сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер қаралды:

  • Ауданда салынған және салынып жатқан құрылыстардың сапасы мен бюджет қаржысының мақсатты орындалуы туралы (Баяндамашы – аудан әкімінің орынбасары А.Хусуров);
  • Аудандық мәслихат төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлының аудандық мәслихаттың 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  • Аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия мүшесі А.Дүйсенбақызы);
  • Аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы Н.Болатұлы);
  • Аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы,  жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы А.Ашимов);
  • Өзге де мәселелер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/964020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version