«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету «Бір-біріне қадам» облыстық оқыту семинар-практикумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 наурызда  Өскемен қаласының білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» КММ базасында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул мектебі аясында.«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету «Бір-біріне қадам»  облыстық оқыту семинар-практикумы өткізілді.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагог-психологтері қатысты.  Сонымен қатар  «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» , «Ақ ниет мектеп-интернаты», «Асыл Мирас» аутизмі  бар балаларды қолдау орталығы , С. Аманжолов ат. ШҚУ, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдері қатысты.

Семинар-практикум барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша «№26 орта мектебі» , «№42 орта мектебі» , «№37  көпбейінді орта мектебі»  педагог-психологтерінің жұмыс тәжірибесі көрсетілді.

Іс-шара соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы ұйымдастырылды, бұл тақырыптарды тереңірек талқылауға және ЕББҚ бар оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдауда ата-аналармен жұмыстың өзектілігін анықтауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/963936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version