2025 жылдың 27 наурызында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б. Шамгуновпен, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің, қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерінің және мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен “Zoom” қосымшасы арқылы семинар өткізілді. Аталған семинардың тақырыбы “Әділет департаментінің қолма – қол ақшаны бақылау шотындағы ақша сомаларын есепке алу, сақтау және беру” болды.
Семинар барысында өзекті сұрақтар талқыланып, нәтижесі бойынша мемлекеттік сот орындаушыларының алдына орындау үшін нақты міндеттер қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/964095?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау