2025 жылғы 4 наурызда Степногорск өңірінде су тасқынының алдын алу шаралары аясында Селеті өзенінің арнасында, Изобильное ауылы маңындағы автокөлік көпірінің алдында мұзды жару және қопсыту бойынша жару жұмыстары жүргізілуде. Жару жұмыстарын «Алтыналмас» АҚ жергілікті атқарушы органның бекітілген жоспарына сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асыруда. Жалпы 700 шаршы метр мұз қопсытылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964031?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау