21 наурызда Наурыз мерекесінің бірінші күні орталық алаңда «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз құтты болсын!» аудандық мерекесі өтті. 20 наурыз күні таңнан бастап алаңда көрмелер ұйымдастырылған киіз үйлер, жартылай киіз үйлер орнатылды. Кең, үлкен сахна қойылды. Мерекеге сай безендірілген алаң, үлкен сахна, этноауылдың әсем киіз үйлері мен жартылай киіз үйлері және театрландырылған қойылымға қатысушылардың жаңа костюмдері көрермендердің назарын аударып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке «Әз Наурыз –игілік бастамасы» театрландырылған қойылымымен ашылды, оған аудан жастары, ардагерлері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, колледж студенттері, аудандық мәдениет үйінің би ұжымдары, аудандық кітапхана қызметкерлері және Қарабалық балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Барлығы 150 адам.
Қыдыр ата халыққа қошемет білдіріп, өз батасын берді. Алаңға жиналған жұртшылықты Қарабалық ауданының әкімі Р. Б. Халықов құттықтап, әр отбасына ақжарма тілегін білдірді.
Орталық сахнада үлкен мерекелік концерттік бағдарламасы өтті. Мейрам сондай бір достық атмосферасында берекелі өтті. Барша халық дәмді палаудан, ыстық бауырсақтан дәм тата алды. Көңілді, үлкен табыспен спорттық – ойын-сауық бағдарламалары өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/964023?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау