Жағалаудағы заңсыз күш өлшеуіштер жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қалалық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Ақтауда заңсыз сауда нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Мониторинг барысында жағалаудағы заңсыз 7 күш өлшеуіш құрылғы мен батут және балалар көліктері анықталып, алынып тасталды. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабына сәйкес заңсыз сауда нысандарының иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, 39 320 тг айыппұл салынды.

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі кәсіпкерлерден қала аумағында заңсыз саудамен айналыспауды талап етеді», – Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің маманы Дәурен Сұлтанғали.

Еске салайық 2024 жылы қала аумағынан 40 заңсыз күш өлшеуіш құрылғысы анықталған. Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жалғасады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/963901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version