2024 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды және 2025 жылға міндеттер айқындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылдың  28 наурызында 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, 2025 жылға міндеттер айқындалды.

          Кеңеске Департаменттің мамандары, Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары онлайн форматта, Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшылығы,  Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының басшысы қатысты.

            Кеңестің күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, талқыланды. Маңғыстау облысындағы 2024 жылғы эпидемиологиялық ахуал және өзекті мәселелер туралы. 2025 жылға қойылатын міндеттер бойынша инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы

Шорбасова Г.С., профилактикалық бақылауға жататын субъектілерді (объектілерді) тізімге алу мәселесі туралы  Департамент басшысының орынбасары А.Х.Шаров, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау  бойынша 2024 жылы жүргізілген жұмыстар және 2025 жылға тапсырмалар бойынша техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Үмбеталина А.Р., Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалы қызметінің 2024 жылғы қорытындылары және 2025 жылға перспективалық бағыттары туралы филиал директорының орынбасары О.У.Имашева, Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының 2024 жылғы жұмыс қорытындысы туралы Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының басшысы М.Қ.Сәттіғұлов, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің талаптары туралы Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл  К.Б.Матаева баяндамалар жасады.

            Кеңес қорытындысы бойынша қаралған сұрақтардан хаттамалық шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/965346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version