26 наурызда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда қала дамуының өзекті мәселелері қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 наурызда Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда қала дамуының өзекті мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі “Өскемен қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы” Нормативтік құқықтық актінің жобасы болды. Сондай-ақ, “Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністері тақырыбы талқыланып, аталған бөлім басшысының міндетін атқарушы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері “Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін талқылады. Отырыста қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстар туралы баяндады. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері қалалық аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді, олар тиісті ведомстволардың одан әрі жұмысында ескерілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/964632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version