27 наурызда Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия шеңберінде отырыс өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше, 27 наурыз күні, Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сабырұлының төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясының аясында, «Отбасы Банк» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Мереке Өмірбекұлы Сыздықовтың қатысуымен отырыс өткізілді. Сонымен қатар, отырысқа мемлекеттік кірістер басқармасының, қаланың дербес бөлімдерінің өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен комиссия мүшелері қатысты. Отырыста жұмысшы кадрларға арналған «Отбасы Банк» АҚ жеңілдікті бағдарламалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу жөніндегі маңызды мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964560?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version