5 наурыз күні қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Олжас Аманжолұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға дербес бөлім басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мердігер ұйымдар және т.б. қатысты. Кеңес барысында Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтуге арналған жоспарлар талқыланып, түрлі ұсыныстар мен тың идеялар айтылды. Қаламыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын мазмұнды іс-шаралар өткізуге ерекше назар аударылды. Наурыз – жаңару мен бірліктің символы. Сондықтан алдағы мерекелік шаралар халықтың ынтымағын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталмақ. Кеңес барысында айтылған бастамалар алдағы уақытта нақты жоспарға енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау