Ағымдағы жылдың 27 наурызында, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. «Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының ауданда тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени объектілер құрылысының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы туралы есебі бойынша Жақсы ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Қосшығұлов Дәулет Оспанұлы баяндама жасады.
2. Жақсы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мен ескерту және су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу туралы Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Біржан Манатұлы Әбілмаженов сөз сөйледі және басқа да сұрақтар бойынша шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/964234?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау