Департамент қызметкерлері Ақмола облысы полиция департаментінің қазақша күрестен күш құрылымдары арасында өткен ” Полиция барысы” ашық чемпионатына қатысты.
Бұл жарыстар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және “Динамо” ДШСҚ 100 жылдығына орайластырылған. Жүзден астам қатысушы кілемге алты салмақ дәрежесінде шықты. Ақмола облысы ТЖД командасында жеті қызметкер болды. Ыстық жекпе-жекте құтқарушылар 6 жүлделі орынға ие болып, өздерінің дене дайындығын тағы да дәлелдеді. 90 келіге дейінгі салмақтағы Алтынды 11-ӨСБ қарауыл бастығы аға лейтенант Ибрагим Жаниев жеңіп алды.
12-ӨСБ қарауыл бастығы аға лейтенант Санжар Қыдырбаев, 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Нұрсұлтан Нарбай және 14-ӨСБ қарауыл бастығы аға лейтенант Еңлік Исмагзанов күміс алды.
2-МӨСБ аға өрт сөндірушісі сержант Ырысбек Темірбаев және 8-МӨСБ қарауыл бастығы аға лейтенант Айбол Амангелді қола медальдары алды.
Жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал құтқарушылар екінші жалпы командалық орын үшін кубокты алды.
Ақмола облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/965210?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау