Ақтауда асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы автомобиль жолдарының 12769 шаршы метр аумағына шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Асфальт төсеу жұмыстарына 4 топтан құралған барлығы 20-дан астам қызметкер, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Асфальт төсеу жұмыстары алдымен орталық жолдарда жүргізілуде.
“Қазіргі таңда 1200 ш/м шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады”, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/966194?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау