Ақтөбе облысы, Темір ауданына қарасты Шұбарқұдық кентінің За депо ауданында еріген суларды тиімді бұруға арналған гидротехникалық құрылыс толықтай аяқталды. Жобаның мердігері – «Стро Проект» ЖШС. Бұл маңызды нысан көктемгі еріген қар суының қауіпсіз ағуын қамтамасыз етіп, аумақты су басу қаупін азайтуға бағытталған. Жоба аясында ұзындығы 2 213 метр болатын бөгет және 1 880 метрлік су бұру арнасы салынды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айында ойдағыдай аяқталды. Аталған жобаның жүзеге асуы жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылымдық тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Бұл игі іс болашақта табиғи су тасқынын болдырмауға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға септігін тигізбек.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/964227?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау