Ақтөбенің Антикор қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 29 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қала әкімінің бастамасын белсенді қолдап, алғашқы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Таңертең Департамент қызметкерлері аумақты тазалауға шығып, экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін және тазалық пен тәртіп қағидаттарына адалдығын көрсетті. Іс-шара барысында бекітілген аумақты тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинау, сондай-ақ қоршаған кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл сенбілік қалалық ортаның тазалығы мен жайлылығын сақтаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығының тағы бір дәлелі болды. Мұндай бастамаларға қатысу топтық рухты нығайтуға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қаланың барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және ортақ үйімізді абаттандыруға бағытталған қоғамдық пайдалы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/965415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version